Skip to content

Бірінші кезең – дайындық 2023-2024 оқу жылы

Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларда объективті кеңістіктік ортаны дамытатын экология мекемесін құру арқылы адамгершілік экологиялық түсінік пен дағдыларды, экологиялық зертхана ұғымын қалыптастыру.

Міндеттері:

  • функционалдық міндеттері және қатысушылар арасындағы байланыстар орнату, міндеттілерді тағайындау.
  • білім беру бағдарламасына енгізудің өзектілігі мен маңыздылығын анықтауға бағытталған бірыңғай стратегияны қолдану
  • экологиялық әлемнің ойын моделі және экология бойынша эксперементтік алаңы арқылы адамгершілік рухани құндылықтарды қалыптастыру бойынша жұмысты ұйымдастыру.
  • жаңа идеяларды қолдана отырып жұмыс формалары мен әдістерін іс жүзінде сынап көрсету.

Аналитикалық қызмет кеңістікпен жұмыс жасау барысында балалардың қоршаған ортамен тығыз байланыс жасай отырып, белгіленген еркін қабылдау құндылықтарын дамыту. Экологиялық зертхананы тәжірибелік алаңда орындау және жасалған жұмыстың нақты бағытын білуге бағыттау. Жұмыс жоспарын жүзеге асыру мақсатында қыркүйек айында барлық топ тәрбиешілерімен кезекті жиналыс өткізіліп, әр топқа жоспарға сәйкес жұмыс барысы түсіндіріліп берілді.

Балабақша аумағын үлкен ойын экологиялық зертханасына айналдыру арқылы танымдық, зияткерлік дағдыларды қалыптастыру және табиғи ресурстардың мүмкіндіктерін қолдануға үйрету. Осы Аналитикалық қызметті жүзеге асыру барысында балабақша аумағында Қазақстанның ландшафттық экологиялық картасын жасау жоспар бойынша әр топқа берілген. Нәтижесінде балалар түрлі тәжірибелік алаңдарында жұмыс жасады. Атап айтатын болсақ, мамыр айында балабақша аумағына бау-бақшаотырғызылып, күз (қыркүйек) айында «Балапан», «Қызғалдақ» топтары өнімдерді жинау арқылы қалай өскенімен танысып, оны қолданысқа алды.

          Егу процессі                           

Баптау

Жинау

Берілген жұмыс жоспарына сәйкес ата-аналармен бірлескен жұмыс жасау (ландшафттарды салу үшін табиғи материал жинау бойынша) барысында «Күншуақ» және «Бәйшешек» топтары «Құстар асханасы» алаңында жұмыс жасады. Мақсатында ата анамен тәрбиешілер бірлесе жұмыс жасай отырып, балалардың  қыстап қалатын және жылы жаққа ұшып кететін құстар туралы  түсініктерін молайту және кеңейту және балаларға қыстап қалатын құстарға қосымша тамақтанудың маңыздылығы туралы айтып, тәжірибелік алаңда жұмыс жасалды.

Жоспарға сәйкес «Қонжық», «Қуыршақ», «Қошақан» топтары ата анамен бірлесе отырып, «Экологиялық зертхана» аясында, тәжірибе жасауға арналған «Метростанция» алаңы жасады.