Экологиялық зертхана-мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілетін арттыру
«Үздік экологиялық білім беру ұйымы»
- Жалпы ақпарат
- Ұлытау облысы білім басқармасы, Жезқазған қаласының білім бөлімі, «Тамаша» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны, Жезқазған қаласы, Пушкин көшесі, 10 үй.
- Кошакова Орынбасар Конкабаевна, директор.
- Байланыс телефоны: 87102-72-22-65, 8747-703-91-51,
email: tamasha_5@bk.ru
- Бөбекжай сайты: https://sad-tamasha.bilim.edu.kz/uzdik-ekologiyalyk-bilim-beru-ujymy/
- “Экологиялық зертхана-мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілетін арттыру” жобасы бойынша 3 кезеңнен тұратын (2023-2026 жж) бағдарлама әзірленіп, іске асыру бағыттары төмендегі бөлімдерді қамтыды:
- Экологиялық зертхана бұрышын ұйымдастыру;
- Бақылау және тәжірибе жүргізу;
- Танымдық іс-шаралар;
- Экологиялық мәдениет элементтерін қалыптастыру;
- Ата-аналармен бірлескен жұмыстар;
- Тәрбиешілердің кәсіби шеберлігін арттыру.
Осы бағыттар бойынша «Тамаша» бөбекжайында мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық мәдениетін дамыту, зерттеу қызметін қалыптастыру, қолжетімді және қауіпсіз білім беру жүйесі қалыптасты. ЭКО зертхана құру арқылы балалардың дамуының педагогикалық моделін жасау, танымдық-зерттеуге қызығушылық қабілетін арттыру, пәндік-дамытушы орта құру міндеттері меңгерілді.
- Экологиялық қызметтің сипаттамасы
“Экологиялық зертхана-мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілетін арттыру” тақырыбы бойынша мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық мәдениетін дамыту, зерттеу қызметін қалыптастыру, қолжетімді және қауіпсіз білім беру мақсатында 2023-2026 жылдар аралығында бағдарлама құрылған. Бірінші кезең – дайындық (2023-2024ж.) кезеңінде нормативтік және білім беру құжаттарында бекітіледі, міндеттер зерделенеді және айқындалады. Қолданыстағы шарттар, жұмыс жоспарлар, балабақшаның экологиялық кеңістігінің моделі, пәндік-кеңістік ортаны модельдеу бойынша шығармашылық топтар құрылды. Екінші кезең –практикалық – (2024-2025) кезеңде
-Балалардың жаратылыстану-ғылыми дамудың педагогикалық моделі эко зертханасы жұмыс жасады;
-Педагогтердің кәсіби өсу бағдарламасын енгізу, отбасымен өзара әрекеттесу технологиялары қалыптасты.
-Практикалық-зерттеу алаңдары, зертханалар ұйымдатырылды.
-Тәрбиеленушілер қоршаған орта мен табиғат құбылыстарын бақылап, зерттеді;
-Жылыжаймен серіктестік орнатып, тәрбиеленушілерге таныстырылды, жұмыстар жүргізілді.
Үшінші кезең – қорытындылау кезеңінде 2025-2026 оқу жылында іске асыру барысын және процестегі сапалы өзгерістерді талдау, нәтижелерді зерделеу және сипаттау, инновациялық жұмыстың практикалық маңыздылығын анықтау, мәселелер бойынша ғылыми-практикалық ұсынымдар әзірлеу, зерттеу, жұмыс тәжірибесін жинақтау, мектепке дейінгі білім беру ұйымына тәжірибелік ғылыми-практикалық ұсынымдарды енгізу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, экологиялық білім, ата-аналармен бірлесе жасалған акциялар және шеберлік сыныптар, тәжірибелік алаңдар ұйымдастырылды. 2024-2025 оқу жылында Екінші кезеңді қорытындылау мақсатында Экологиялық зертхана- мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілетін арттыру, практикалық іс- әрекет” тақырыбында эксперименттік алаң ұйымдастырылды. Тәжірибелік алаңда қағазға екінші өмір сыйлаймыз, қызыл кітапқа енген өсімдіктер, гидропоника, микрошөп жасыл дақылдарды өсіру бойынша тәжірибелер жасалып көрсетілді. Практикалық жұмыстар бойынша, бөбекжайы ауласында қалдық заттардан жасалған әр түрлі аулалар көрсетілді. Алаңдар Денсаулық жолы, этно ауыл, құс ауласы, жасыл дәріхана, жас метеоролог, кішкентай бағбандар, құм терапиясы, табиғат сыйы жапырақтар аулаларында практикалық жұмыстар көрсетіліп, тәрбиеленушілер өздерінің жұмыстарын көрсетілді. Шеберлік сынып бағытында тәрбиешілер экологиялық зертаханамен таныстырып, STEM технологияны қолдана отырып, “Қоқыс қалдықтарының батырлары“ атты мультфильм түсірілімі көрсетіліп, “Қалдық материалға жаңа өмір сыйлау “мақсатында педагогтер арасында практикалық жұмыстар жүргізілді. Жалпы бағдарлама берілген жоспарға сай толық қамтылып, жүзеге асырылуда. Барлық ақпарат төмендегі сілтемеде көрсетілген. Осы бағдарлама аясында жобаның мақсаты айқын көрінді. Мектепке дейінгі ұйымда тәрбие мен оқыту процесіне қатысушыларына(тәрбиеленушілеріне, педагогтерге , ата-аналарға) барынша дамытушы орта құру және тұрмыс қалдықтарын басқару бағытындағы экологиялық процеспен таныстыру (жинау, сақтау, сұрыптау, қайта өңдеу, жою) арқылы экологиялық мәдениеті қалыптастырылды.
Жоба экологиялық тұрғыдан, бағдарламаны іске асыру барысында маңызды мәселелерді қамтыды. Атап айтатын болсақ, макулатура жинау бойынша экологиялық акция өтті. Акция барысында әр топта түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ата-аналармен бірлескен түрде макулатура жинау жұмыстары ұйымдастырылды. Балалар ата-аналарымен бірге қағаз қалдықтарын жинап, оны қайта өңдеуге тапсыру арқылы табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты. https://sad-tamasha.bilim.edu.kz/agash-korki-zhemis-adam-korki-zhaksy-is/

Судың маңызын түсіндіру, суды үнемдеп пайдалану дағдысын қалыптастыру және су ресурстарын қорғау қажеттілігін ұғындыру мақсатында«Экологиялық мәселелер» тақырыбында квест ойыны өткізілді.
барысында балалармен түрлі тәжірибелер жасалды: су тазалығын сақтау, судың қайдан келетінін бақылау, суды ысырап етпеу жолдары түсіндірілді. Нәтижесінде балалардың экологиялық сауаттылығын арттырып, табиғатқа деген жанашыр көзқарасын дамытуға өз үлесін қосты.

Балалардың табиғатты аялауға, қоршаған ортаны қорғауға деген қызығушылығын арттыру, балабақшада баламалы энергия көздері туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру мақсатында және жасыл энергия – табиғатта сарқылмайтын, қоршаған ортаға зиян келтірмейтін, экологиялық таза энергия көздері екенің түсіндіру үшін түрлі тәжірибелер, ата – аналармен бірлескен жұмыстар, эксперименттер мен бақылаулар өткізілді.

Экологиялық білім беруді тиімді ұйымдастыруда Инновациялық әдістерді қолдану арқылы балалар табиғатты аялауға, ресурстарды үнемдеуге дағдыланады және экологиялық мәдениетті ерте жастан бойына сіңіреді. STEM технологияны қолдана отырып, ересек топтарында «Қоқыс қалдықтарының батырлары» атты мультфильмі жасалды. Нәтижесінде Мультфильм арқылы балалар қоқыс қалдықтарын қайта өңдеуді үйреніп қана қоймай, Scratch, Hailuo AI бағдарламасы арқылы экологияны қорғауға бағытталған ойындар мен жобалар жасауды да меңгереді. Бұл оларға бағдарламалаудың негізгі дағдыларын игеріп, экологиялық проблемаларға шығармашылық шешімдер ұсынуға мүмкіндік береді.

Гидропоника – топырақсыз өсімдікті өсіру бойынша бөбекжайда тәжірибелік алаң ұйымдастырылған. «Микрошөп – кішкентай болса да, өмірге қуат берер күш» тақырыбында тәжірибе өткізілді. Балалар өсімдіктердің ерекше жолмен – су мен қоректік ерітіндіде өсуін бақылап, жаңа білім мен тәжірибе жинақтады. Бұл әдіс олардың табиғатқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, зерттеуге, бақылауға, еңбексүйгіштікке баулып, экологиялық ойлау қабілетін дамытты. Осындай танымдық жұмыстар баланың жанжақты дамуына, болашақта табиғатты аялаушы саналы тұлға болып қалыптасуына үлкен үлес қосады.

Жоба барысында мектепке дейінгі жастағы балаларды экологиялық сауаттылыққа баулу – тек педагогтердің ғана емес, ата-аналардың да бірлескен іс-әрекетін жүйелі түрде жұмыстар ұйымдастырылу мақсатында “Экология зертхана”бағдарламасы бағытында “Қалдық қоқыстарды қайта өңдеу” жұмысы бойынша ата- аналар мен балалар бірлесе отырып табиғи материалдардан қол өнер жасалып, «Қалдықтардан бұйым жасау» шығармашылық көрмелер «Қайта өмір сыйла!» акциялары, «Таза Қазақстан» сенбіліктері, «Күзгі жәрмеңке» ұйымдастырылды. Нәтижесінде жәрмеңкеден түскен қаражатты ата-аналар мен еріктілер бірлесе отырып, қаламыздағы «Балалар үйіне» қажетті жабдықтармен қамтамасыз етті. Баланың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда Үштік одақтың ынтымақтастығы үлкен орын алды.



«Жезқазған қаласының балалар мен жасөспірімдер сарайы», «Ұлытау Флора” АӨК жылыжай шаруашылығы» серіктестік жүйесі қарқынды жұмыс атқарылуда. Балалар жылыжай ішіндегі өсімдіктердің күтімімен, өсу жағдайларымен танысып, табиғатқа жанашырлықпен қарау, еңбекті бағалау дағдыларын бойына сіңірді. Практикалық бөлімінде балалар көкөніс тұқымын егіп, өсімдікке күтім жасаудың қарапайым жолдарын көрді. Бұл серіктестік сапарлар балалардың танымдық, шығармашылық, еңбек және экологиялық тәрбиесін арттыруға зор мүмкіндік берді. Әр мекеме өз саласы бойынша балаларға мазмұнды ақпарат ұсынып, оқу-тәрбие үрдісіне нақты қолдау көрсетті. Серіктестік жүйесі қалыпты жұмыс жасалуда.


Пәндік-дамытушы орта құру.Қоршаған ортаға зиян келтірмеу, оны қорғау жолдарын үйрену (қоқыс тастамау, өсімдікті жұлмауға, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.Экологиялық зертхана жағдайында тәжірибелік тапсырмалар, бақылау, ойын және зерттеу әрекеттері арқылы бала қоршаған ортаның заңдылықтарын таниды, қоршаған ортаға нұқсан келтірмеудің жолдарын үйренеді. Жоба өзектілігі – экологиялық дағдыларды ерте жастан қалыптастыру арқылы саналы азамат тәрбиелеу болып табылады.







«Алтын күздің сыйы»
«Күзгі асар жәрменке»
«Күзгі стиль – Эко сән үлгісінде»
Қорытынды:
Жүргізілген экологиялық жұмыс балалардың табиғатқа ұқыпты қарауға, қоршаған ортаны қорғауға бейімделуіне ықпал етті. Жоба барысында балалар мен ата-аналарда экологиялық сауаттылық пен жауапкершілік артты. “Экологиялық зертхана — мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілетін арттыру” жобасы аясында балабақшада түрлі байқаулар ұйымдастырылды. Бұл іс-шараларға балалармен қатар ата-аналар да белсене қатысты. Олар табиғи және қайта өңделетін материалдардан қолдан жасалған бұйымдар, макеттер, экобұрыштарды безендіру сияқты байқауларға қатысып, өз шығармашылықтарын танытты.
Нәтижесінде бірқатар ата-аналар мен тәрбиеленушілер жүлделі орындарға ие болып, дипломдар және алғыс хаттармен марапатталды. Бұл жоба балалардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, ата-аналар мен балабақша арасындағы байланыс пен серіктестікті нығайтты.
Балалар табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғау, қалдықтарды сұрыптау сынды маңызды ұғымдарды меңгеріп, күнделікті өмірде қолдана бастады. Ата-аналар да экологиялық тәрбиеге белсенді қатысып, ортақ жауапкершілік танытты.Сонымен қатар, тәрбиешілер балаларды түрлі зерттеу жобалары мен экологиялық байқауларға дайындады. Тәрбиеленушілер белсенділік танытып, өз жұмыстарын сәтті қорғап шықты. Нәтижесінде педагогтер еңбегі бағаланып, мадақтау қағаздарымен марапатталды. Бұл жетістіктер экологиялық тәрбиенің өзектілігін және маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.
(жоба бойынша барлық жүргізілген жұмыстар бөбекжай сайтында арнайы бөлімде орналасқан төмендегі сілтеме арқылы көруге болады)