“Тамаша” бөбекжайында Мектепке дейінгі балаларды үйде тәрбиелеп отырған отбасыларға кеңестік қызмет көрсету бағыты бойынша “Ұлттық ойын-ұлт қазынасы” тақырыбы аясында ойын іс-әрекеті ұйымдастырылды.
Мақсаты: Үйде тәрбиеленіп отырған балаларды қарапайым ережелерді сақтауға, қимылды ойындармен ойната жүріп, қимыл әрекеттерін еркін орындауға, кеңістікті бағдарлай білуге үйретіп, дидактикалық ойындар ойнату арқылы баланың дамуына жағдай жасауға жан-жақты көмек көрсету.