Консультативті пунктінің мақсаты: отбасылық және қоғамдық тәрбиенің бірізділігі мен сабақтастығын қамтамасыз ету, ата-аналарға (заңды өкілдерге) психологиялық-педагогикалық көмек көрсету, бөбекжайға бармайтын бала тұлғасының жан-жақты дамуын қолдау.
Негізгі міндеттері:
- балалардың дамуына жағдай жасауға жан-жақты көмек көрсету;
- бала тәрбиесіне, оқуы мен дамуына қатысты әртүрлі мәселелер бойынша консультативтік көмек көрсету;
- балалардың әлеуметтенуіне ықпал ету;
- балалардың физикалық, психикалық және әлеуметтік дамуындағы әртүрлі ауытқушылықтарға кешенді профилактика өткізу;
- бөбекжай мен балалар мен ата-аналарды (заңды өкілдерді) әлеуметтік және медициналық қолдайтын басқа ұйымдар арасында әрекеттестікті қамтамасыз ету;
- күрделі асқынулардың алдын алу мақсатында ерте кезеңде баланың мүддесіне қатысты жанжалдарды, қиын жағдайларды тану, болжау және шешу.


