Жезқазған қаласы “Тамаша” бөбекжайында облыстық “Экологиялық зертхана-мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілетін арттыру” тақырыбында семинары өткізілді.
Мақсаты: Балалардың экологиялық мәдениетін дамыту, бастапқы нысандарды зерттеу, бала үшін қол жетімді қауіпсіз орта құру.
Семинар барысында бөбекжай педагогтері әртүрлі алаңдарда өздеріңіз озық тәжірибелерімен бөлісіп, тәрбиеленушілермен жұмыстары: тәжірибелік алаңда ғылыми-зерттеу жұмыстары көрсетілді.Қызыл кітапқа енген өсімдіктер, қағазға екінші өмір сыйлаймыз, гидропоника мен микрошөп жасыл дақылдарды өсіру бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарын көрсетті.
Шебер сынып бағытында “Қалдық материалға екінші өмір сыйлайық” тақырыбында қызықты тәжірибелермен бөлісті.
STEAM технологиясымен “Қоқыс қалдықтарының батырлары” тақырыбында мультфильм түсірілімі көрсетілді.