Экологиялық мәдениетті қалыптастыру бойынша бөбекжай тәрбиеленушілердің жетістіктері
Мектепке дейінгі ұйымдарда экологиялық тәрбиенің маңызы күн сайын артып келеді. Баланың табиғатқа деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға үйрету – педагогтің кәсіби шеберлігі мен шығармашылығына тікелей байланысты.
Біздің педагогтер экологиялық мәдениетті қалыптастыруда бірқатар жетістіктерге қол жеткізді. Ұйымдастырылған іс-әрекетінде , жобалық және зерттеу іс-әрекеттерінде заманауи әдістер мен интерактивті технологияларды тиімді қолдана отырып, балалардың танымдық қызығушылығын арттырды. “Экологиялық зертхана”, “Мен зерттеушімін” байқауларында жүлделі орындарға ие болды., Шығармашылық жобалар педагогтердің белсенділігімен сәтті жүзеге асырылды.