Skip to content

“Ағаш көркі – жеміс, Адам көркі-жақсы іс”

Мақсаты:
Балаларға табиғатты қорғау, ресурстарды үнемді пайдалану және қайта өңдеудің маңыздылығы туралы түсінік қалыптастыру, экологиялық мәдениетті тәрбиелеу.

Жұмыстың сипаттамасы:
Балабақшада «Қағазды сақта – ағашты қорғайсың!» атты экологиялық акция ұйымдастырылып, ата-аналармен бірлесе отырып макулатура жинау жұмысы жүргізілді. Іс-шараға барлық топтың тәрбиеленушілері, педагогтер мен ата-аналар белсенді қатысты.

Іс-әрекет кезеңдері:

1. Ақпараттық кезең:

      • Топтарда тәрбиешілер балалармен экологиялық әңгімелер өткізді:
        «Ағаш не үшін керек?», «Қағаз қайдан пайда болады?»
      • Ата-аналарға хабарлама таратылып, акцияға қатысуға шақырылды.

      2. Жинау кезеңі:

        • Балалар мен ата-аналар пайдаланылған қағаз, ескі кітаптар, газеттер мен журналдарды жинап әкелді.
        • Макулатура арнайы белгіленген орындарға топтастырылды.

        3. Қорытынды кезең:

          • Жиналған макулатура салмақ бойынша өлшеніп, қорытынды шығарылды.
          • Ең белсенді топтар мен отбасылар марапатталды.
          • Балалармен «Біз табиғатты қорғаймыз!» атты сурет көрмесі ұйымдастырылды.

          Нәтижесі:
          – Балаларда экологиялық тәрбие, табиғатқа деген жанашырлық сезімі қалыптасты.

          Қалдық материалдарға екінші өмір сыйлау – табиғатты аялау мен ресурстарды үнемдеудің ең тиімді жолдарының бірі. Бұл бағытта балаларға экологиялық тәрбие беріп, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында балабақшада «Эко көрме» ұйымдастырылды.

          Көрмеде ата-аналар мен балалар әртүрлі тұрмыстық қалдықтардан (пластик бөтелке, қағаз, мата, картон, т.б.) жаңа бұйымдар жасап, олардың пайдасын көрсетті. Қарапайым заттардан жасалған ойыншықтар, сәндік бұйымдар, құралдар балалардың қиялы мен еңбегінің нәтижесі екенін дәлелдеді.

          Бұл шара – балаларды табиғатты сүюге, ресурстарды үнемдеуге және қалдықтарды қайта өңдеудің маңыздылығын түсінуге үйретеді. Эко көрме – тек шығармашылық қана емес, сонымен қатар, тәрбиелік мәні зор шара.

          Күтілетін нәтижелер:
          Балалар үшін

          1. Табиғатқа деген сүйіспеншілік: Табиғаттың құндылықтарын түсіну, қоршаған ортаға жауапкершілік сезімі.
          2. Қайта өңдеу түсінігі: Заттарды қайта өңдеу процесін білу, әр түрлі материалдарды тану
          3. Шығармашылық дағдылар: Қайта өңделген заттарды пайдаланып, шығармашылық жұмыстар жасау.
          4. Топтық ынтымақтастық: Топта жұмыс істеу, достарымен бірлесіп жобаларды орындау.

          Педагогтар үшін:
          Табиғи заттарды қолдана отырып, балалардың қиялын, ой-өрісі кең екендігіне көз жеткізілді.Балаларға қалдық заттар мен жұмыс жасау кезінде өздерін еркін сезінуі, қиял еркіндігі арқылы кейіпкердің бейнесін жасап, ойын ойнауы.

          Ата-аналар үшін:
          Экологиялық білім: Ата -аналар экология туралы білімдерін кеңейтіп, балалармен бірге экономикалық әрекеттер жасау.

          1. Тәрбие тәсілдері: Балаларға экологиялық тәрбие берудің тиімді әдістерін меңгеру.

          2. Қайта өңдеу бойынша ақпарат: Заттарды қалай дұрыс қайта өңдеу керек екендігі туралы мағлұмат алу.

          3. Отбасылық қатынастар: Табиғатқа қамқорлық жасау арқылы отбасы мүшелері балабақша арасындағы байланысты нығайту.