Skip to content

Біз туралы

«Тамаша» бөбекжайы туралы мағлұмат

  1. Білім беру ұйымының толық атауы: Ұлытау облысы, Білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің «Тамаша» бөбекжайы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.
    2. Білім беру ұйымының орналасқан жері: 101302, Қазақстан Республикасы, Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Пушкин көшесі 10А ғимарат.
    3. Құрылған уақыты- 1982 жыл; шағын ауданның ішінде тұрғын үй құрылысы орналасқан, жеке тұрған екіқабатты ғимарат. Бөбекжай аумағы күрделі қоршаулармен қоршалған, аумағы асфальтталған, шаруашылық аймағы бар. Аумағы көгалдандырылған. Балаларға серуендеу үшін әр учаскіде беседкалар, шағын сәулетті нысандар, спорттық құрал-жабдықтар, гүлзарлар бар.
  2. Байланыс деректері: телефон: 8(710-2) 722265 e-mail: tamasha_5@bk.ru мессенджер:Instagram @tamashazhez
    5. Құрылтайшы: ҚМҚК № 5 «Тамаша» бөбекжайы жалпы дамулық типтегі мемлекеттік мекеме ретінде 1982 жылы қазан айында берілді. Ашылған сәттен бастап балабақша Қ.И.Сатпаев атындағы Жезқазған Тау-кен комбинаты құрылымдық бөлімшесі «Балалар секторы» болып кірді. Бұл мекеме Қазахмыс Корпорациясы ЖМ «Дошкольник» құрылтайшысы болып 1желтоқсан 2002 жылдан бастап қайта құрылды. Корпорация Казахмыс ЖМ «Дошкольник» мекемесінің таратылуына байланысты 09 желтоқсандағы 2014жылғы беру- қабылдау актісімен Жезқазған қаласының дене шынықтыру және спорт білім бөліміне мүлікті береді , беру-қабылдау қосымшасына сәйкес және «29 мамыр 2015 жылы Жезқазған қаласының Әкімдігі №12/15 Қаулысымен мемлекеттік атауын өзгертуіне байланысты коммуналдық қазыналық кәсіпорын Жезқазған қаласының білім бөлімі № 5 «Тамаша» бөбекжайы болып аталды. «Қарағанды облысы Әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі.
  3. Бөбекжай бес күндік жұмыс аптасы бойынша жұмыс істейді.

 -жұмыс режимі 7.00 -19.00.

  1. “Тамаша “бөбекжайы” КМҚК мектепке дейінгі ұйымы 08.01.2021 жылы тіркелген Жарғы негізінде жұмыс істейді.
  2. Директор – Кошакова О.Қ

9.Бөбекжай сыйымдылығы -255
10. Тәрбиленушілердің жалпы саны: 245

Қарағанды облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің «Тамаша» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынында:

– музыка залы,
– спорт залы,

– директор кабинеті,
– әдістемелік кабинет,
– қазақ тілі кабинеті,

– психолог кабинеті,

– есепші кабинеті,
– хатшы кабинеті,

– медицина кабинеті,

– изолятор,

– шаруашылық басшысы кабинеті,
– топ бөлмелері:қабылдау, ойын, жатын, жуыну;
– тамақ дайындау блогы,
– кір жуу орыны.

Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің «Тамаша» бөбекжайы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынынында 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалар тәрбиеленеді.

Мектепке дейінгі ұйымда 11 топ: 9 топ мемлекеттік тілде, 2 топ орыс тілінде тәрбие мен білім береді.

 Жезқазған қаласының білім бөлімінің “Тамаша” бөбекжайы КҚМК балаларды қабылдауы INDIGO (https:/ /indigo24.kz) электрондық порталы арқылы жүзеге асырылады.

Мектепке дейінгі ұйымның жұмыс тәртібі – 12 сағат, жұмыс аптасы– 5 күн. Ұлытау облысы, Білім басқармасы Жезқазған қаласының білім бөлімінің “Тамаша” бөбекжайы КМҚК-ның “Жезказған қаласының мемлекеттік мұрағаты” КММ- мен келісілген бөбекжайдың әрбір қызметі үшін істер номенклатурасы бар.

«Тамаша» бөбекжайы КМҚК-ның қызметі шарттық қатынастар жүйесімен реттеледі:

– ЕСУТД жүйесі арқылы жұмыскерлермен жұмысқа қабылдау туралы шарт (Енбек.kz);

– қызмет көрсету жөніндегі кәсіпорындармен шарт;

– ата-аналармен электрондық келісім-шарт;

– жұмыс беруші мен қызметкерлер өкілі арасындағы ұжымдық шарт.