
«Экологиялық зертхана»-
Мектеп жасына дейінгі балаларда экологиялық мәдениетті қалыптастыру маңызды және өзекті міндет болып табылады, оны іске асыру педагогтердің, балалар мен ата-аналардың жүйелі және мақсатқа бағытталған жұмысын талап етеді. Бастапқы нысандарды зерттеу қызметін қалыптастыру, баланы дамыту үшін қолжетімді және қауіпсіз білім беру. Экологиялық зертханада тәрбиеленушілермен тәжірибе жасалып тұрады, тұқымның өнуін, жарық пен судың өсімдіктердің өсуінің әсерін бақылайды. Сумен тәжірибе жасалады судың қасиеттерін, табиғаттағы су айналымын зерделеу жұмыстары жүйелі жүргізілді.
Зерттеу нысаны: «Балабақшаның қоршаған кеңістігі-мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудегі Қазақстанның экологиялық ойын моделі». Мектеп жасына дейінгі балалардың табиғи ғылыми дамуының педагогикалық моделін эколаборатория құру арқылы жүзеге асыру.
ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ:
– Экологиялық тәрбие диагностикасы, сауалнама;
– Фильмдерді, театрландырылған қойылымдарды көру;
– Оқу жылындағы экологиялық акциялар;
– Тәжірибелік-зерттеу қызметі;
– Экскурсиялар-жорықтар;
– Экологиялық демалыс және ойын-сауық;
– Табиғат бұрышындағы жұмыс, бақта, гүл бақшасында, терезедегі бақта жұмыс;
– Барлық іс-шараларға ата-аналармен ынтымақтастық;
– Тақырыптық әңгімелер, көркем шығармаларды оқу;
– Экологиялық жобалар;
«Қалдықтарды басқару»
Балабақша ауласына қарапайым бақылау жүргізу, қалдық заттарды сұрыптау арқылы оларға «екінші өмір» сыйлау, Қоқысты сұрыптауға арналған арнайы жәшіктер орнату “Экология зертхана”бағдарламасы бағытында “Қалдық қоқыстарды қайта өңдеу” жұмысы бойынша ата- аналар мен балалар бірлесе отырып табиғи материалдардан қол өнер жасалып көрме ұйымдастырылды
– Ата-аналармен бірге «Қалдықтардан бұйым жасау» шығармашылық көрмелер «Қайта өмір сыйла!» акцияларын ұйымдастырылды.
Инновациялық әдістерді қолдану
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда инновациялық әдістерді қолдану арқылы балалардың танымдық, шығармашылық және коммуникативтік қабілеттерін дамыту басты міндет
– Интерактивті тақта, бейнематериалдар, мультимедиялық ойындар, цифрлық ресурстарды қолдану арқылы сабақ тиімді өтеді.
STEAM әдісі
– Ғылым, техника, инженерия, өнер және математика пәндерін біріктіріп оқыту. Құрастыру, тәжірибе жасау, логикалық тапсырмалар.
«Smart Bala» жобасы
Цифрлық оқыту ресурстары арқылы балалардың зияткерлік дамуын қамтамасыз ету.
Ата-аналармен бірлескен акциялар
Мектеп жасына дейінгі балаларда экологиялық мәдениетті қалыптастыру заманауи білім берудің басым міндеттерінің бірі болып табылады. Балаларға сапалы білім беруде ата-аналардың білім беру ұйымына көрсететін білім беру қызметтерінің сапасына қанағаттану деңгейіне және ата-аналардың педагогикалық процеске тартылуына әсері тиді. Осыған байланысты ата аналармен бірлескен жұмыстар жүргізіліп, Мектепке дейінгі жастағы балалардың бойында табиғатты сүю, қорғау, экологиялық жауапкершілік сезімін қалыптастыру, ата-аналарды экологиялық тәрбиеге тарту көзделді.
Мектепке дейінгі ұйымымызда экологиялық мәдениетті қалыптастыру, балаларға табиғатты қорғау мен аялаудың маңыздылығын түсіндіру мақсатында ата-аналармен бірлескен «Бір тал кессең, он тал ек!» атты сенбілік акциясы өткізілді.
– Балалар өз қолдарымен су құйып, топырақ қопсытып, еңбек процесіне араласты.
– Іс-шара соңында қатысушыларға экологиялық жадынама таратылып, ағаш отырғызудың пайдасы туралы ақпарат берілді.
Бұл акция ата-аналар мен балалардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, ортақ іс арқылы ынтымақтастықты нығайтты. Балалар үшін бұл сенбілік қоршаған ортаны қорғаудың нақты іс-әрекет арқылы көрініс тапқан сабақ болды.
– Қағаз қалдықтарын жинау, макулатура тапсыру.
“Біртұтас тәрбие” бағдарламасының аясында ” “Еңбегі адал- жас өрен” Күзгі жәрменкесінен жиналған қаражатты “Тамаша” бөбекжайының ата аналары балалар үйіне тосын сыймен қуантты.
Сенбілік ұйымдастырылып, табиғатқа қамқорлық жасауды, қоғамдық орындардың таза болуын қамтамасыз етуді мақсат етіп, ата аналар қатысумен Бөбекжайымыздың ауласын тазарта отырып, тұтас қоғамды тазалауға үлес қосты.
«Тамаша» бөбекжайы КМҚК-да экологиялық 2025 жылғы 26 сәуір күні «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Тамаша» бөбекжайында аумақты тазарту және көгалдандыру бойынша экологиялық іс-шара тазартылып, гүлдер мен ағаш көшеттері отырғызылды. Мекеме қызметкерлері мен тәрбиешілер бірлесіп, қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында белсенділік танытты.
Экологиялық құндылық (ұйымдастырылған іс-әрекеттері, ойындар, квет-ойындар, тәжірибелік іс-әрекеттер)
Экологиялық проблемаларды шешу, қоқыстарды жинау, өсімдіктер мен сирек кездесетін жануарлар түрлерінің жойылуы, судың ластануы т.б. экологиялық мәселелерді шешудің жолдарын табуға балалардың түсініктерін қалыптастыру, табиғатты аялауға тәрбиелеуде балабақшамызда, балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу мақсатында экологиялық құндылықтарға бағытталған бірқатар ұйымдастырылған іс-әрекеттер, ойындар, квест-ойындар мен тәжірибелік жұмыстар өткізілді.
Серіктестік жүйесін құру
Мектепке дейінгі ұйым мен жергілікті мекемелер арасындағы серіктестікті нығайту мақсатында төмендегідей ұйымдармен бірлескен жұмыстар жүргізілді:
Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайына саяхат жасап, балалар мұражайға ұйымдасқан түрде барып, Жезқазған өңірінің тарихымен, ежелгі археологиялық қазбалармен және қазақ халқының тұрмыстық жәдігерлерімен танысты. Мұражай қызметкерлері танымдық экскурсия өткізіп, балалардың тарихи танымын кеңейтуге септігін тигізді.
Жезқазған қаласының балалар мен жасөспірімдер сарайына бару
Балалар сарайындағы үйірме жұмыстарымен танысты. Музыка, бейнелеу өнері, би бағытындағы шығармашылық шеберханаларда балалардың қызығушылығы артып, оларда өнерге деген сүйіспеншілік пен ынта қалыптасты.
“Ұлытау Флора” АӨК жылыжай шаруашылығына саяхат
Балалар жылыжай ішіндегі өсімдіктердің күтімімен, өсу жағдайларымен танысып, табиғатқа жанашырлықпен қарау, еңбекті бағалау дағдыларын бойына сіңірді. Практикалық бөлімінде балалар көкөніс тұқымын егіп, өсімдікке күтім жасаудың қарапайым жолдарын көрді. Бұл серіктестік сапарлар балалардың танымдық, шығармашылық, еңбек және экологиялық тәрбиесін арттыруға зор мүмкіндік берді. Әр мекеме өз саласы бойынша балаларға мазмұнды ақпарат ұсынып, оқу-тәрбие үрдісіне нақты қолдау көрсетті.