Бос лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру:
мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешісі, педагог- ассистент, хореограф , қазақ тілі оқытушысы.
1. Кәсіпорынның атауы: Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің «Тамаша» бөбекжайы» КМҚК
Мекенжайы: Жезқазған қаласы, Пушкина көшесі 10 А, п. и.: 100600, телефоны: 8 (7747) 703 – 91 – 51
2. Лауазымы: мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешісі- 4 ,
педагог- ассистент – 1 ставка,
хореограф – 1 ставка,
қазақ тілі оқытушысы- 1 ставка,
еңбекақы – 125-150 мың тенге (еңбекақының мөлшері мен шарттары)
3. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
жоғары, орта-тиісті бейін бойынша арнайы және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат.
4. Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты: хабарландыру шыққан күннен бастап 7 күнтізбелік күн, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін
5. КОНКУРСКА ҰСЫНАТЫН ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ:
1) «Мемлекеттік білім беру бұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 21.02.2012 жылғы № 57 бұйрықтын 10- қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізімін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке куәліктің көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;
4) білімі туралы құжаттың көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжат;
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы»ҚР ДСМ-175/2020 2020 жылғы 30 қазандағы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) Психоневрологиялық ұйымынан анықтама;
8 ) Наркологиялық ұйымынан анықтама;
9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
Кандидат болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (жоғарылағаны туралы құжаттардың көшірмелері).
Ескерту: 09.07.2024 жыл құжатты қабылдау мерзімі
10.07.2024 жылы конкурс өту мерзімі.