2024 жылдың 31 қаңтарында мектепке дейінгі білім беру ұйымының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес «Тамаша» бөбекжайы КМҚК арналған педагогикалық кеңес өтті. Мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығын дамытуға бағытталған ойындар жүйесін жүзеге асыру мақсатында жаңа инновациялық тәсілдер жасау. Инновациялық технологиялар арқылы гигиена машықтары мен денсаулық сақтау негіздеріне бағытталған. Педагогтар кеңесінде балабақшада дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді формалары мен әдістері талқыланды. Педагогтар осы бағытта тәжірибе алмасты. Мектепке дейінгі ұйымда дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстары, заманауи түрде ескеріле отырып жүргізілуде.Педагогикалық кеңес барысында педагогтар балалармен дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастырудағы инновациялық тәсілдермен жаңа технологияларды көрсетті. Педагогтарға жаңа инновациялық технологияларды қолдану арқылы жылдық тапсырманы орындауды жалғастыру, оқу-тәрбие үдерісіне денсаулықты сақтайтын технологияларды енгізу тәжірибесін байыту, салауатты өмір салтын қалыптастыруда отбасы мен балабақшаның өзара әрекеттесуін орнату жөнінде ұсыныстар берілді.






Тақырыбы: Ерекше білімді қажет ететін балалардың толеранттық сезімін қалыптастыру



















