Терроризм туралы білумен қатар, оның саяси – әлеуметтік құбылыс ретінде кез келген уақытта орын алып жататыны белгілі. Сіз терроризмге қандай сипаттама бересіз?
Терроризм – бейбіт адамдар мен түрлі нысандарға қарсы саяси мақсатты көздеген түрлі топтар мен астыртын әрекет ететін агенттердің қоғамның көңіл-күйіне ықпал ету ойымен күш қолдануы деп анықтама берілген. Сондықтан мұның табиғаты күрделі, тарихы тереңде жатқан құбылыс деп түсінуге толық негіз бар.
