Skip to content

2.Үздік эргономикалық шешімдер

Оқыту-тәрбиелеу процесінің эргономикалық-педагогикалық компонентінің рөлі психологиялық және әлеуметтік-мәдени әлеуеттілігін жүзеге асыру, білім беру іс-әрекетіне қамтылушылардың денсаулығын сақтау,нығайту, оқыту сапасын қамтамасыз ету, тәрбиеленушілердің шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады.

Педагогикалық эргономика оқу ортасы факторларының келесі негізгі топтарын анықтайды:

– кеңістік құрылымдары (өлшемдері, пішіні, кеңістік элементтерінің бағдары);

-техникалық-эстетикалық (пішіндердің, сызықтардың әсемдігі, мектеп жабдықтары мен құрал-жабдықтарының бояуы, түстерді эстетикалық пайдалану,)

– әлеуметтік-психологиялық (тәрбиеленушілер арасындағы қарым-қатынас, топтағы жалпы әлеуметтік-психологиялық жағдай)

-Оқу бөлмелері мен жұмыс орындары қолайлы жарықтандырылады, бұл тәрбиеленушілердің жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін үлкен маңызға ие. Жарықтың жеткіліксіздігі баланың психикасын және көру мен есту қабілетіне  кедергі келтірері анық, балалардың жұмысын тежейді, білім беру процесінің сапасына әсер етеді.

Тәрбиелеу-білім беру процесінде: әр баланың қызығушылықтарын, ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жалпы адами және ұлттық құндылықтар негізінде оларды толыққанды дамыту мен әлеуетін ашу жүзеге асырылады; балалардың құқықтарын, өмірін қорғау, денсаулығын нығайту қамтамасыз етіледі; салауатты өмір салтының негіздері, қауіпсіз өмір сүру дағдылары, қимылқозғалыс, бейімделу, коммуникативтік, әлеуметтік-эмоционалды, когнитивтік дағдылар, өзіне, отбасына, құрдастарына, қоршаған ортаға адамгершілік қарымқатынасы, тәрбиеленушілердің қарым-қатынас мәдениеті, ұлттық бірегейлік пен азаматтық негіздері, патриотизм қалыптасады; тәрбиеленушілердің физикалық, зияткерлік, танымдық-сөйлеу, көркем эстетикалық, шығармашылық қабілеттері дамиды; Отанға, ана тіліне сүйіспеншілік тәрбиеленеді; баланың мектепте оқуға физикалық, психологиялық, эмоционалдық, әлеуметтік дайындығы үшін тең бастапқы мүмкіндіктер беріледі. Тәрбиеленушілердің құзыреттіліктерін, физикалық және жеке қасиеттерін дамыту олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес біліктері мен дағдыларын қалыптастыру арқылы жүзеге асырылады. Бөбекжайда жас ерекшеліктеріне қарай жасақталған 11 топ бөлмелері (ойын бөлмелері мен  ұйықтайтын бөлмелер бірге, киім шешінетін бөлмелер, дәретханалары) бар.

Заттық кеңістік- дамытушы орталар, балалардың бөбекжайда өзін жайлы сезінуін қамтамасыз етеді, денсаулығын сақтайды және тиісті мінез-құлыққа ықпал етеді. Талаптарға сай ұйымдастырылған ортаның арқасында әр бала өзіне ұнайтын іс-әрекетті жасай алады, өз қабілет-қарімдеріне сенеді, ересектермен, құрдастарымен өзара жұмыс жасауға үйренеді, бірін-бірі түсінеді,бағалайды.

Түзету-білім беру процесін оңтайландыру мақсатында топтық бөлмелер бес дағды бойынша  (физикалық қасиеттерді дамыту, коммуникативтік дағдыларды дамыту, танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту, балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту, әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру) сәйкес келетін орталықтарға бөлінген.

Әр топта заманауи жабдықтармен және әртүрлі дидактикалық материалдармен жабдықталған.

Топта әртүрлі дидактикалық материалмен жабдықталған пәндік-дамытушы орта бар. Жатын бөлмелер топтағы балалардың санына сәйкес екі қабатты кереуетпен жабдықталған, бұл тәрбиеленушілерге күндізгі ұйқы кезінде толыққанды демалысты қамтамасыз етеді. Барлық топтағы жиһаз Санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларының талаптарына сәйкес балалардың бойы мен салмағын ескере отырып таңдалған. Сонымен, білім беру және дамыту ортасы балалардың балабақшада жайлы болуын қамтамасыз етіп, олардың денсаулығын сақтап және мінез-құлқына ықпал етеді. Дұрыс ұйымдастырылған ортаның арқасында әр бала өзіне ұнайтын іс – әрекетті таба алады, өзінің күші мен қабілетіне сенеді, ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас жасауды үйренеді, олардың сезімдері мен іс-әрекеттерін түсінеді және бағалайды.